Қытай елімізге былтыр $1,5 млрд инвестиция салды
Өткен жылы Қытай Қазақстанға 1,5 миллиард долларға жуық инвестиция салды.
Мұны «Қазақ-Инвест» Ұлттық компаниясы хабарлады. Бұл мемлекет елімізге тартылған шетелдік инвестициялардың тізімінде жетінші орында тұр. Жалпы визасыз режим орнатылғаннан кейін, елдегі тауар айналымы ұлғайтылып, туристер ағыны кеңейеді деп күтілуде.
Айта кетейік, Эйр Астана ұшағы Алматыдан Бейжіңге аптасына 6 рет, ал Астанадан апта сайын қатынап отырады. Осы ретте, азаматтардың екі мемлекет аумағында болу мерзімі 30 күннен аспауы қажет. Ал елге жарты жыл ішінде бірнеше рет барған жағдайда 90 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат.