Елде майлы дақыл түсімі төмен
Биыл күнбағыстың шығымы нашар.
Былтырғы көрсеткіштен 30-40% төмен болады деген болжам бар. Бұл деректі Ұлттық майлы дақылдарды өңдеушілер қауымдастығы жария етті. Сарапшылардың айтуынша, жиналған өнім 850 мың тоннадан аспайды. Бұл – құрғақшылықтың әсері, - дейді мамандар. Енді өсімдік майын өндіретін зауыттарда шикізат тапшылығы туындайды. Сол себепті Қазақстан күнбағыс дәнін Ресейден тасымалдауы мүмкін.
Александр Яшков, Ұлттық майлы дақылдар өңдеушілер қауымдастығының атқарушы директоры:
- Майлы дақылдар шикізаты елімізден шығарылмауын бейнді министрліктер бақылауға алуы керек. Бірақ қазір баж салығы енгізілгеніне қарамастан сыртқа сату тыйылар емес. 2022-2023 жылдардағы маусымдық аралықта 300 мың тоннадан астам майлы дақыл шетел асырылған. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 40%-ке көп.