Ә. Қуантыров: Теңге бағамы тұрақталады
Алдағы 3 жыл бойы 1 доллардың құны орташа 460 теңге болады.
Шетелдік валютаның бағасы қазір өскенімен, теңге тұрақтылығын жоғалтпайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. Ол доллардың өсуі уақытша құбылыс екеніне сенімді. Сол үшін тұрғындар да, инвесторлар да алаңдамауына болады, - деді министр.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Былтыр бір доллардың бағасы 500 теңгеге дейін өсті. Бірақ біз оның құны қайта түсетінін айттық. Бұл жерде де солай болады. Теңге бағамы еркін айналымда. Біз инвесторлар мен халыққа теңгенің тұрақты екендігін айтамыз. Оның құны шамамен 460 теңгенің айналасында болады.