Ел экономикасы 4,9%-ке өсті
Биыл ел экономикасы шамамен 5%-ке өсті.
Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі мәлімдеді. Әлібек Қуантыровтың сөзінше, жоғары көрсеткіш құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік саласына тиесілі. Мәселен, жыл басынан бері елде 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл былтырмен салыстырғанда шамамен 13%-ке көп. Жалпы мемлекеттік бюджетке 16 трлн теңгеге жуық кіріс түскен. Осылайша, жоспар 98%-ке орындалды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Қызмет көрсету секторы бойынша сауда 10%-тен астам, байланыс 8% және көлік секторы 7%-ке өсті. Тау-кен өндіруді есептемегенде негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 17,5% болды. Барлық негізгі көрсеткіштер бойынша Абай, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қызылорда облыстарында және Алматы қаласында көрсеткіштер жақсы. Жыл соңына дейін барлық өңірлер әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуі тиіс.