Елден шығарылған бір триллион теңге мемлекетке қайтарылды
Елден заңсыз шығарылған 1 трлн теңге көлеміндегі қаражат мемлекетке қайтарылды.
Бұл туралы арнамызға сұхбат берген бас прокурордың орынбасары Ғабиден Садырбеков айтты. Ол сондай-ақ 15 млн доллардың Біріккен Араб Әмірлігінен, 82 миллионның Австриядан, 60 млн долларға жуық қаражаттың Лихтенштейннен қайтарылғанын мәлімдеді. Бұл қаржының бәрі енді ел игілігі үшін пайдаланылады. Сұхбат барысында Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, заңсыз иемденілген активтерді елге қайтару туралы заң - бұл қысым жасаушы құрал емес, әділдікті орнатушы құжат деп атап өтті.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі:
- Өз еркімен саналы түрде қайтаратын тұлғалар серіктес болып экономиканы қаржыландыруға үлес қосып, жұмыс орындарын құруға, Қазақстанның барлық аймағында, оның ішінде моноқалаларда зауыт, фабрикалардың құрылысына инвестиция сала алады. Бұл мемлекет пен бизнес арасындағы ықпалдастықтың дұрыс механизмі. Әсіресе белгілі жағдайларда пайда тауып, тіпті шетелге шығарып үлгерген бизнес иелері елге көмектесетін уақыт келгенін түсінуі керек.