"Ұлттық қор балаларға". Президент заңға қол қойды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қорды балалар игілігі үшін пайдалану туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.