Халықаралық валюта қоры болжам жасады
Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссия басшысы Николя Бланше елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалайды.
Бұл жөнінде ол елордада өткен баспасөз конференциясында айтты. Сондай-ақ алдағы жылға арналған болжамымен бөлісті. Николя Бланшенің ойынша, еліміздегі экономикалық өсім 3,5 пайыз деңгейінде сақталады. Ал инфляция 5 пайызға дейін төмендеуі тиіс. Бұдан бөлек, іс-шарада миссия жұмысының қорытындылары мен қаржы секторындағы өзгерістерге талдау жасалды.
Николя Бланше, халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссия басшысы:
- Қазақстанда қаржы секторын бағалау бағдарламасын енгіздік. Бұл бағдарлама - тереңдетілген талдау десем болады. Халықаралық валюта қоры мен Қазақстан арасында серіктестестік мығым. Жуырда Алматыда техникалық көмек орталығы ашылады. Ол жерде қаржы саясатына қатысты зерттеу жұмыстары жүргізіледі.