«Атамекен» ҰКП жобасы арқылы елу жеті атыраулық арнайы курстан өтті
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен "Кәсіпке бағыт" жобасы арқылы 57 атыраулық арнайы курстан өтті.
Олардың 22-і жылы-жай ашуға, 35 адам мал шаруашылығымен айналысуға ниетті. Бір кәсіпкер «Атырау-Болашақ» несиелік серіктестігі арқылы 25 млн теңгеге 63 бас ірі қара сатып алды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығымен айналысамын деген тұлғаларға, 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік грант та қарастырылған. 3 айлық курстан өткендер, фермерлік шаруашылықтың қыры-сырын үйреніп, бизнес жүргізу ісін меңгереді.
Гүлнафис Жармұхамбетова, «Атамекен» ҰКП жоба менеджері:
- Оқуға жалпы, өңіріміздегі ауылшаруашылығымен айналысып жүрген кәсіпркерлер қатысты. Оның ішінде жылыжай шаруашылығы, мал бордақылау, сосын сүт өнімдерін қайта өңдеу, ветеринарлық қызмет осындай бағыттарда кәсіпкерлер оқып шықты. Енді келесі жылы осы үрдіс әрі қарай жалғасады деп отырмыз. Мұнан да көлемдірек ауылшаруашылығына қатысты оқуларды ұйымдастыру жоспарлануда.