Елімізде азаматтық авиация саласына қажетті маман тапшы

Саланың бүгіні мен болашағына арналған жиында академияның білім беру жүйесін әлемдік талапқа сай жасақтаудың маңыздылығы қаралды.

Себебі отандық әуе компанияларында ұшқыштан бастап, инженерлік-техниалық қызмет мамандары жетіспейді. Әсіресе өңірлік әуежайлар білімді кадрға мұқтаж. Осыған орай бірқатар ұсыныстар айтылып, жоспарлар талқыланды. Мысалы, Азаматтық авиация академиясы 2025 жылы Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық агенттіктің сертификатын алмақ. Демек, болашақта студенттер еуропалық стандарт бойынша оқытылады.

Бекен Сейдахметов, Азаматтық авиация академиясының ректоры:

- 25 пайыз оқулықтарымыз ағылшын тілінде өткізіліп жатыр. 2025 жылы 85 пайыз күрделі осы салаға керекті мамандарды біз ағылшын тілінде сабақ өткізуге жоспарлап отырмыз. Сол үшін үлкен шаралар атқарылып жатыр. Материалдық-техникалық базамызды дамытуға қазір үкіметтен де қолдау бар.