Еуроодақпен тауар айналымы $34 млрд асты
6 айда Еуроодақ ел экономикасына 5,2 млрд теңге инвестиция құйды.
Ал сыртқы саудадағы үлесі - 30 пайыз. Қазіргі есеп бойынша, тауар айналымы 34 млрд доллардан асқан.
Бұл жайында «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының 13-отырысында айтылды.
Жиынға Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қатысты.
Бұл көрсеткіш сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға негізделген жүйелі бағытымызды айқындай түседі - деді Премьер-министр.
Қазақстан Үкіметі серіктестікті одан әрі дамытып, инвестициялық ахуалды жақсартуға мүдделі екенін жеткізді.