Әуе билетінің бағасы ерікке бағынбай тұр

Әуе тасымалы тақырыбын көтеріп тұрып, ұшақ билеттерінің бағасын талқыламасақ тағы болмас.

Әуе билеті арзандай ма? Осы сұраққа жауап іздеп көрдік.

Еліміздегі ең ірі Эйр Астана әуе компаниясына келер жылдың соңына дейін ішкі бағыттарға билет құнын көтеруге тыйым салынды. Бұдан бөлек компания 876 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Сот шешімі осындай. Себебі компания ұшу күні жақындағанда немесе нақты сол күнгі билеттердің бағасын 3500-ден 6,5 мың теңгеге дейін негізсіз өсіріп отырған. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше тасымалдаушы осылайша жанармай алымын қоса есептепті. 

Әуе компаниясы мен Агенттік арасында ішкі бағыттар бойынша монополияға қарсы комплаенс жасалды. 2023 жылдың 6 желтоқсаннан бастап жанармайға қосымша ақы қолдану алып тасталады. Мәселен, Астана-Алматы бағытындағы билеттің орташа құны қазіргі бағаның орнына 28 мың 435 теңгеден 24 мың 435 теңгеге дейін түсіріледі. Алматы-Ақтау бағытында орташа баға қазіргі 37 мың 568 теңгенің орнына 31 мың 78 теңге болады. 

Еліміздегі ұшақ билетттерінің бағасы аспандап тұрғаны бұған дейін де қоғамда қызу талқыланып жүр. Тіпті лоукостердің өзімен қатынауға әр қазақстандықтың қалтасы көтере бермейді. Халық бүй дейді... 

БЛИЦ:

- Мен үшін билеттер қымбатырақ көбінесе.

- Сәл ертерек алсаң арзан аласың. Кештеу алсаң, қымбаттау аласың.

- Тіреліп, жақындап қалған кезде қиындау ғой енді. Ерте, жақындағанда арзан демей бір тарифпен шығарып қойса. Халыққа ыңғайлы.

- Енді ертеректеу алсақ мүмінкішілік болады. Ал асығыс бірдеңе болса қиын әрине.

Қиындық тудырып тұрған не? Бәсекелстік жоқ па? Әлде компаниялар тәртіпке бағынбай ма? Бәріне себеп-нарық дейді мамандар. Бұл жағдайда бағаны ұстап тұру мүмкін емес. 

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

- Нарықта жаңағы жанармайдың бағасы қанша болады. Содан соң қосалқы бөлшектерді алып келудегі логистиканың бағасы қанша болады. Билеттің бағасы – ол нарықтағы мәселе. 

Бағаны нарық өзі реттейтіні рас болса, онда бұл орта бәсекелестіктіталап ететіні анық. Қазір елімізде жолаушылар тасымалдап жүрген 5 әуе компаниясы бар. Олардың 90-ға жуық ұшағы тағы бар. Қала арасын жалғап аптасына 700-ден астам рейс жасалады. Ендігі жоспар 2025 жылға қарай отандық авиапаркті 145 ұшаққа дейін толықтыру. Нарыққа жаңа ойыншы да келмек. Нақтырақ айтқанда, вьетнамдық лоукостер Qazaq Air компаниясын сатып алмақ ниетте. 

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

- Егер вьетнамдық компания Qazaq Air-ді сатып алатын болса, онда олар қосымша 50 ұшақ әкеле алады. Қазір бұл компания боинг әуе кемесінің 200-не тапсырыс беріп қойған. Одан бөлек өз балансында эйр бастың 200 ұшағы бар. Қазақстан нарығына кіретін болса, мықты бәсекелестік орната алады. 

Әуе билеттерін қолжетімді ету мақсатында үкімет заңнамадан "отын алымы" ұғымын алып тастамақ. Бұл бағаның бей-берекетсіз көтерілуіне тосқауыл болады. Ендеше жаңа жылдан бастап ұшақпен қатынау көпшілік үшін қолжетімді болып қалар деген үміт бар.