Годунова: 56 млрд теңге тиімсіз игерілген
Былтыр еліміздің оңтүстік өңірлерінде су үнемдеу технологиялары 68 мың гектарға ғана енгізілген.
Бұл аймақтағы суарылатын алқаптың небәрі 5 пайызын құрайды. Осы аудит барысында құны 3 млрд 300 млн теңге тең қаржылық заң бұзушылықтар анықталды. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова Мәжілістің жалпы отырысында осылай деді. Бас аудитордың сөзіне сүйенсек, бюджет пен қарыздан тартылған 56 млрд теңге тиімсіз игерілген.
Наталья Годунова, ҚР Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы:
- Экономикаға 2,5 млрд теңге көлемінде ысырап келді. Бүгінгі таңда бюджетке оның тең жартысы немесе 1 млрд 700 млн теңгесі қайтарылды. Кінәлі деп танылғандарға әкімшілік айыппұл салынды. Құқық қорғау органдарына 4 іс жолданды. Оның ішінде 1 іс бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі де шықты.