Көлік-логистика саласының үздіктері марапатталды
Елордада тұңғыш рет көлік-логистика саласындағы үздік компанияларға "МАГИСТРAЛЬ АWARDS" сыйлығы табысталды.
Жол саласының мамандары мен депутаттар, қоғам белсенділерінен құрылған арнайы комиссия 20 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Атап айтсақ, "Сенімді халықаралық серіктес", "Жылдың үздік жобасы", "Қазақстанның көлік ғылымын дамытқаны үшін" сияқты көптеген номинациялар бар. Байқауға бас-аяғы 60-қа жуық компания қатысуға ниет білдірген. "Негізгі мақсат перспективалы көлік бастамалары мен стартаптарды қолдау" дейді ұйымдастырушылар.
Сатжан Аблалиев, ҚР Көлік вице-министрі:
- Шараны ұйымдастырып жатырған қоғамдық қор. Бұл премияға қатысқан әрбір жоба Қазақстан Республикасының көлік саласында үздіктердің қатары болып табылады. Салада жасалып жатқан үлкен жобаларды халық арасында насихаттауға оларды ары қарай жақсы жетістіктерге жетуге ынталандыруға үлкен әсерін береді ғой деп ойлаймын.
Раушан Қамбар, жеңімпаз компанияның өкілі:
- Біз үшін үлкен маңызы бар халықаралық сенімді серіктес номинациясы. Біз үшін жоғары мәртебе. Жолдарды жаңарту, реконструкциялау және республикалық маңызы бар жолдарды салудамыз. Үлкен алғысымызды айтамыз. Еңбегімізді бағалап осы номинацияға лайық көргеніне. Жиырма жылдан астам уақыт нарықтамыз. 1000 киллометрден астам жол салдық.