Зейнетақы жинағынан ақша төлеуді салықтан босату ұсынылды

Зейнетақы жинағындағы қаржыны баспана алуға немесе медициналық қызметке төлегенде жеке табыс салығы ұсталынбауы керек.

Сенатор Бекболат Орынбеков бүгін осындай бастама көтерді. Айта кетейік, қазіргі ереже бойынша ел азаматтары қордағы қаржысын қолданғанда немесе зейнеткерлік жасқа жеткенде жеке табыс салығын төлеуге міндетті. "Салдарынан зейнетақы төлемінің мөлшері едәуір азайып қалуы мүмкін", дейді депутат.

Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Көрсетілген төлемдердің осындай табыс салығын ұстап қалу зейнетақы сомасын азайтады. Бұл қазіргі нарықтық жағдайда айтарлықтай маңызды мәселе. Себебі зейнетақы қорынан түсетін төлемдер зейнеткерлер үшін негізгі табыстың бірі. Осыған орай зейнеткерлердің әл-ауқатына оң ықпал ету мақсатында барлық зейнетақы жинағын төлеу кезінде жеке табыс салығын ұстап қалудың жою туралы мәселені қарау ұсынылады.