Елімізде 3 жел электр станциясы салынады
Аталған жобалар Бірікен Араб Әмірліктерінің сонымен қатар франциялық Total Energies және China Power International Holding компанияларымен бірлесе жасалмақ. Электр станцияларының жалпы қуаты 3 гигават болады.
Бұл туралы Энертегика министрлігі жылдық есебінде мәлімдеді.
Сондай-ақ Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жылу электр станцияларын салу мәселесі пысықталып жатыр. Бұдан бөлек, 2027 жылға дейін жалпы қуаты 6,7 гигават болатын баламалы энергия нысандарының құрылысына 5 жылдық аукциондық сауда-саттық кестесі бекітілді.
Жалпы биыл Қазақстанда 82,2 млн тоннан мұнай-газ конденсаты өндіріліп, "қара алтынның" көп бөлігі экспортқа шығарылған.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
- Баламалы энергия көздерін дамыту және көміртегіні азайту жұмысының аясында 13 жел электр станциясы жұмыс істей бастады. Жуырда тағы осындай 2 нысан беріледі. Атом энергетикасы саласында биылғы көктемде ұлттық ядролық орталықтың аз байытылған уран отынын пайдаланатын реакторы сәтті іске қосылды. Мамандар жоғары деңгейде байытылған уран отынының зиянын жою бойынша бірегей технология жасап шығарған. Бұл технологияны МАГАТЭ мақұлдады.