Жамбыл облысынан 700 млн теңгеден астам салық өндірілді
Қаржы мониторингі Агенттігінің тергеуінен кейін Жамбыл облысында төленбеген 700 млн теңгеден астам салық өндірілді.
Бұл туралы ведомство өзінің ресми сайтында мәлімделді.
Кәсіпкерлер өзара есеп айырысу кезінде бюджетке ірі көлемде залал келтірген. Шығын толық өтелуіне байланысты қазір тергеу тоқтатылды. Мамандар салық төлеуден жалтарудың соңы қылмыстық жауапкершілікке апаратынын және 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін екенін ескертеді.