Тұтынушылардың құқығын бұзу жыл сайын артып келеді
2022 жылы қазақстандық тұтынушыларға сапасыз тауарлар мен қызметтер үшін 860 млн теңгеден астам қайтарылды.
Мемлекеттік органдарға да, қоғамдық бірлестіктерге де өтініштер бойынша өтелген сома. 2023 жылдың аяғындағы бір аптада 27 млн теңге қайтарылды.
Қазақстанның Ұлттық тұтынушылар лигасы" басқармасының төрағасы Светлана Романовская 2024 жылы тұтынушыларға қатысты құқық бұзушылық көбейетініне сенімді. Себебі жыл сайын тауарлар мен қызметтердің сапасына көңілі толмаған артып келеді. Мысалы, 2022 жылы 30 мың, 2023 жылдың 9 айында – 33 мыңға жуық шағым түскен. Тұтынушылардың барлық өтініштерінің жартысына жуығы бөлшек саудамен байланысты болған. Шағымдардың бір бөлігі тұрмыстық қызметтерге, электрондық коммерцияға және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты тіркеледі. Бұл туралы кейінгі жылдары жасалған тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің анализі анықтады.
Тұтынушылардан түскен шағымдар
2022 жылы 30 мың
2023 жылдың 9 айында 33 мың
Онлайн саудаға бақылауды күшейту керек
«Үкіметтің үйлестірілген жұмысы болмаса, тұтынушылар шағымы азаймайды. Заңдағы жазылған нормалар, жай ғана әдемі сөз болып қала береді» дейді сарапшы. Оның айтуынша, қазақстанда тұтынушыларды қорғайтын нақты іс әрекеттер мен механизм керек. Екінші мәселе контрафактілік өнімдер. Тағы бір мәселе, контрафактілік өнімдерді Қазақстанға өз еліміздің азаматтар әкеліп жатыр. Көлеңкелі бизнес кіші орта кәсіпкерлерге үлкен зиян келтіреді. Сондықтан, сарапшы өңірлік сауда желілеріне әкімшілік бақылауды қайтару керек деген пікірде. Үкімет интернет саудаға да немқұрайлы қарап отыр. Жағдай ушықпау үшін қазірден бастап тауар сапасы мен онлайн сауда айналымын қолға алу маңызды.
Тұрсын Джагпарова, тұтынушылар құқығын қорғау бойынша сарапшы:
ЦИТАТА:
Сертификаты жоқ, сапасыз тауарлар лег-легімен елімізге келіп жатыр. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, кедендегі зертханалық бақылау дұрыс жұмыс істемейді. Екіншілен, біздің заңда техникалық регламентке сай емес тауарларды сатуға болмайтыны жазылған. Дегенмен, бүгінгі тауарлардың 80% техникалық регламентке сай емес. Сондықтан елімізге тек Президентке бағынатын, тұтынушының құқығын қорғайтын мемлекеттік орган керек. Ол судың, энергетиканың, ауаның, азық-түліктің, ұялы байланыс сапасын бақылайтын еді. Сол кезде ғана мәселе өзгереді.
Биылдан бастап кәсіпкерлерді бірқатар салықтық өзгерістер күтіп тұр. Сондықтан, қосылған құн салығынан қашқан кәсіпкерлер қолма-қол төлемді талап етуі мүмкін дейді мамандар. Бірақ бұл Қазақстан республикасының Азаматтық кодексіне қайшы келеді. Сондықтан қолма-қол ақша болмаса, тауарды сатпау заңсыз. Мысалы, Сіз дүкенге нан алуға барасыз. Қалтаңызда қолма-қол ақша жоқ, ал сатушы картаны қабылдамайды. Не істеу керек? Сарапшының жауабын тыңдайық.
Тұрсын Джагпарова, тұтынушылар құқығын қорғау бойынша сарапшы:
ЦИТАТА:
Бірінші, Тұтынушылардың құқығын қорғау заңының 18, 24-бабы бар. Соған сай Сіз сол жерді, адамның түрін, дүкенді фото, видеоға түсіріп алуға құқығыңыз бар. Екінші, полицияға хабарласасыз. Полиция оған 40-60 АЕК айыппұл салады. Өйткені тұтынушының құқығы тапталған кезде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстың 190 және 193-бап бойынша полиция шақыра аласыз. Тауар алғанда қол ақшамен де терминалмен де, ақша аудару арқылы да төлеу бірдей жүреді. Кәсіпкерлер төлемақысын қабылдау керек. Тұтынушылар өз құқығын қорғаса, кәсіпкерлерді тәртіке шақыруға болады.
2024 жылы ЕАЭО-да кәсіпкерлер мен тұтынушылар арасындағы сенімді қалыптастыруға айрықша назар аударылады. Бұл туралы желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия комитетінің отырысында айтылды. Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыруға байланысты жұмыс бағыттары айқындалды. Одақ елдеріне арналған тиісті ұсыным биылғы жылдың бірінші тоқсанында ұсынылады.