Қазақстан Жапониямен тауар экспортын кеңейтеді
Қазақстан мен Жапония арасында экспорт көлемі артады.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Жапониядан келген Экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Ресукэ Кодзукимен кездесу барысында айтты. Қос тарап сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективасын, оның ішінде екіжақты сауданы ұлғайту мүмкіндігін талқылады. Жапония Қазақстандағы ірі инвесторлардың ондығына кіреді. Кейінгі 17 жылда жапондық инвестиция көлемі 7,8 миллиард доллардан асқан. Ал өзара тауар айналымы былтыр 2 млрд долларға жетті.