Депутаттар: Жеке инвесторларға жағдай жасау керек

Жеке инвесторларға жағдай жасау керек.

Тек сол кезде ғана ел үшін маңызды әлеуметтік нысандардың құрылысын жеделдете аламыз. Мәжіліс депутаттары осылай деп «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заң тетіктерін дамыту мәселелерін талқылады. Сала өкілдерінің сөзінше, соңғы жылдары мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы мұндай келісімшарттар көлемі 7 есеге қысқарған. Содан республикалық бюджетке салмақ та артты. Мәселені реттеу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жүзеге асуы тиіс жобалардың нақты тізбесін белгілеу ұсынылды. Бұл өңірлердегі инвесторларға бизнесті дамытудың басым бағыттарын айқындауға жәрдемдеседі. Әрі қаржының қажетті салаларға жұмсалуын қамтамасыз етеді, - дейді жиналғандар.

Ислам Сұңқар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Инвесторларға қойылатын талаптар жағынан, салынатын объектілердің тізімі бойынша критерийларды қайта қарау керек. Инвесторларға қолайлы жағдай болуы керек. Себебі осы мемлекеттік жекешелік әріптестік арқылы, менің ойымша, біз еліміздегі мектептер, ауруханалар, балабақшалар көбірек салып, халық арасындағы тапшылықты құртуға мүмкіндік береді.