Биыл елде 250 мыңнан астам жұмыс орыны ашылады
Биыл елде 250 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны ашылады.
Мұнымен қоса, еңбек орталықтарын трансформациялау жұмыстары да жалғасын табады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы айтты. Өңірлердегі мансап орталықтарының жұмысында кейс-менеджмент қағидаттары қолданылады. Орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін цифрландыру жұмыстары жүргізіледі. Жаңа форматты сынақтан өткізу Түркістан, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында қолға алынды.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Негізі республика бойынша 251 мың сондай жұмыс орны болуы керек. Осы 2024 жылға өзіміз индикаторды алып отырмыз.