Қазақстанда ет өндірісі артты

2023 жылдың қорытындысы бойынша, елімізде 80 мың тоннадан астам ірі және ұсақ мал еті өндіріліпті.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп. Жалпы 2019 жылдан бері өсім бар. Қарқын биылғы жылдың бірінші айында да сақталды. Қаңтарда қасапханалардан 7 мың 100 тонна ет алынды. Қазақстандықтар көбіне сиыр етін таңдайды. Былтыр 9 айда орта есеппен бір адамға 18 келіден келген еді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3 пайзыға көп. Екінші орында жылқы еті тұр. Жан басына шаққанда 5 келіге жуық. Жылдық өсім 12 пайызға жуықтады. Ал қой етіне деген сұраныс сәл төмендеген көрінеді. Тұтыну көрсеткіші 4 келі шамасында.