Президент квазимемлекеттік секторды реформалауды тапсырды
Елде квазимемлекеттік секторда 6 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді.
Жыл сайын мемлекеттен қомақты қаржы алатын олар экономиканың дамуын тежейді және жеке кәсіпкерліктің дамуына қолбайлау, – дейді сарапшылар. Кірісінен шығысы көп квазисектордың үлесін қысқарту үшін бірқатар жоспар да қабылданды. Дегенмен баяу іске асып жатыр. Сала жуырда Президенттің де сынына ұшарады. Сондықтан секторды жедел реформалау қажет, – дейді мамандар.
Квазимемлкеттік сектор жаппай ашықтық қағидатын ұстанбай отыр. Тиеслі компаниялардың нақты немен айналысатынын қарапайым халық түсіне бермейді. Дамыған елдерде мемлекет меншігіндегі компаниялардың үлесі 10-15%-тен аспайды. Ал еліміздің стратегиялық активтерін басқарып отырған «Самұрық-Қазынаның» ішкі жалпы өнімдегі үлесі 60%-ке жуықтап отыр. Алайда қомақты қаржыға ие сектордың тиімділігі күмән тудырады. Сондықтан Президент квазимемлекеттік секторды жедел реформалауды тапсырды.
«Тағы бір маңызды мәселе. Квазимемлекеттік секторда ауқымды реформа жасау қажет. Қай жерде мемлекеттің үлесі сақталуы керек, қай тұста бәсекені дамыту қажет деген мәселені біржола шешіп алған жөн. Әсіресе «Самұрық-Қазына» қорына кіретін компанияларда мемлекеттің үлесі басым. Сондықтан, жұмысты солардан бастау керек. Қорды түбегейлі сауықтыру үшін жүйелі әрі тың шаралар қажет», – Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті.
Бізде не көп? Ұлттық компаниялар көп. Олардың еншілес ұйымдары да жетіп артылады. Экономистер олардың өнімділігі мен тиімділігі төмен деп отыр. Бұл – экономиканың қарқынды дамыуын тежеп отырған себептің бірі.
Сапарбай Жобаев, экономика ғылымдарының кандидаты:
- Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорын, мысалы, ҚазМұнайГаз, ҚТЖ, KEGOC дейміз бе, олар салық төлеумен қатар мемлекеттен жәрдем алады. Яғни, олар мемлекеттік меншік болмағанда өздеріне өте көп байлықты алу мүмкіндігі болмас еді. Содан ажырағысы жоқ, 2011 жылы IPO-лар басталған, халыққа түсіндіріп, қызықтырса, бүгінде халықтың 20 трлн ақшасы депозитте тұр. Соның жартысын алып, акцияларға өткізетін болсақ, үлкен нәтижеге жетер едік.
Сектордағы компанялар ірі инвестициялық жобалар үшін мемлекеттен қаржы алады. Алайда олардың қайтарымы шамалы. Мемлекет басшысы экономиканы ырықтандыру тетіктерін енгізуді тапсырды. Құжатта секторды реформалаудан бөлек, нарықтағы бәсекені арттыру мен жекешелендіруді тиімді жүргізуді қамтиды.
Марат Қайырленов, экономист:
- Мемлекеттік басқару сапасы төмен болса, мемлекеттік капитализм идеологиясынан ажырауымыз керек. Барлығын мемлекет жасайды деген көзқарас өзінің тиімсіздігін көрсетті. Ол керісінше жемқорлықты арттыра түседі. Қазір біз мемлекеттік басқарудың төмен нәтижелер көрсетіп жатқанын, активтер мен табыстың тым аз мөлшерде екеніне куә болып отырмыз. Мультипликативті әсер болмады. Сондықтан квазисекторды реформалайтын кез келіп жетті.
Сапарбай Жобаев, экономика ғылымдарының кандидаты:
- Егер де оны жекешелендірсе, біздің халықтың байлығы, мүмкіндігі асады. Кейін маңызды нәрсе, әлеуметтік бағдарламаларды, егер көп кәсіпорындарды жекешелендірсе, біз көп квазикәсіпорындарға ақша бермейміз де, олардан салық алып, әлеуметтік осал, мұқтаж, жетім балаларға көмек беруге мүмкіндігіміз болады да, әлеуметтік төлемдерді көбейтуге мүмкіндігіміз туады.
Мемлекет қаржысын пайдаланатын монополист компаниялардың шамадан тыс көбейіп кетуі де қауіпті. Сарапшылар пікірі осындай. Монополияны бақылау мен ресурстарды әділетті бөлу экономиканың еркін дамуына жол ашады.