«Бәйтерек» холдингінің саясаты қайта қаралады
«Бәйтерек» холдингі отандық тауарлардың үлесін арттыру үшін сатып алу ережелерін қайта қарауы қажет.
Жергілікті өндірушілерді қолдау аса маңызды. Холдингтің директорлар кеңесін өткізген премьер-министр Олжас Бектенов осылай деді: «Біз “Бәйтерек” холдингі және басқа да даму институттары арқылы экономиканың белгілі бір кәсіпорындары мен салаларын қолдауға қомақты қаражат бөліп отырғанымызды атап өтті. Енді қолдауға ие болған кәсіпкерлер қазір сырттан алынып отырған тауарлардың өндірісін жолға қойып, жұмыскерлердің еңбек өнімділігі мен жалақысын арттыру секілді міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алуға тиіс.