Көктемде сұйытылған газ қымбаттайды
Бұл туралы Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында мәлім болды.
Ведомство басшысы Алмасадам Сәтқалиевтың айтуынша, отын құны 5-8 теңгеге өспек. Себебі оның шекті көтерме сауда бағасы өндіру құнынан да арзан. Осының әсерінен сала шығынға ұшырап жатыр. Салдарынан өндеу жұмыстары мен жаңғыртуға да қаражат құйылмайды.
Айта кетейік, Қазақстан – сұйытылған газ бағасы ең арзан мемлекеттің бірі. Бізде 54-86 теңгенің аралығында саудаланып жатыр. Ал көршіміз Ресейде бір литрі 165 теңге, Қырғызстанда 159, Әзербайжанда 171, ал Тәжікстанда 273 теңге тұрады.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
- Сұйытылған газ бағасын кезең-кезеңімен жыл сайын өсіруді жоспарлап отырмыз. Биыл өңірлерге қарай газ бағасы шамамен 5-8 теңгеге қымбаттайды. Өсім көктемде басталады.