Қазақстанда шетелдік инвесторлардың құқығы қорғалады
Қазақстанда шетелдік инвесторлардың құқығы әлемдік тәжірибеге сәйкес қорғалады.
Коммерциялық дауларды шешуде Астана халықаралық қаржы орталығы мен халықаралық төрелік орталығы зор сенімге ие. Қос құрылым 2018 жылдан бері 2,5 мыңға жуық істі қарады және орындады. Оның ішінде шағымдардың жартысынан көбі медиациялық жолмен шешілсе, қалғанына қатысты сот және арбитраж шешімдері шығарылған. Қаралған істердің саны мен күрделілігі жағынан бұл екі орталық Лондон, Дубай, Қатар, Гонконг сияқты жетекші халықаралық қаржы орталықтарымен иық тіресіп тұр.
Коммерциялық даулар
Қаралған істер – 2459
Медиациялық келісім – 1843
Сот шешімі – 110
Арбитраж шешімі – 506 ))