О. Бектенов: Cалық кодексі түсінікті болуы керек
Былтыр халықтан салықтық және кедендік әкімшілендіруге қатысты 200 мыннан аса өтініш пен арыз-шағым түсті, деп хабарлайды 24KZ.
Қараша негізінен жауаптылардың әрекетсіздігіне, қосылған құн салығының кеш қайтарылуына және мәмілелерді жарамсыз деп тануға наразы. Жаңа Салық кодексіне де сын көп. Сол үшін Үкімет басшысы: «әзірленіп жатқан құжат аталмыш мәселені түбегейлі шешуі керек», – деді. Кодекс бәріне түсінікті болуы қажет. Премьер-министр бұл жұмысты жедел аяқтауды тапсырды. Себебі құжатты әзірлеу ісі сағызша созылып барады.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Ұлттық экономика министрлігіне салалық мемлекеттік органдармен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, салықтық жеңілдіктерді қолданудың міндетті мониторинг тетігін енгізуді, сондай-ақ бизнестің қарсы міндеттемелерін белгілеуді тапсырамын. Мемлекеттік кірістер комитетінің бір өзінде 14 ақпараттық жүйе жұмыс істейді. Олардың көпшілігі техникалық тұрғыдан ескірген. Бизнес тарапынан да шағымдар бар. Қаржы министрлігіне Цифрландыру министрлігімен бірге жыл соңына дейін жаңа ақпараттық архитектураны қалыптастыруды тапсырамын.