Елдің экспорттық әлеуеті Қытайда таныстырылды
Қазақстандық тауар өндірушілер өз өнімдерін Сычуань провинциясының Чэнду қаласында өткен қытайлық сусындар мен өнімдер көрмесінде ұсынды, деп хабарлайды 24KZ.
100-ден астам кәсіпкер мен 40 компаниядан тұратын делегацияны ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастап барды. Бұл сапар қазақстандық бизнес өкілдері үшін жаңа нарыққа шығуға, экспорттық әлеуетін таныстыруға, келісімдерге қол қоюға және инвестициялар тартуға бағытталған. Министр «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде жобаларды іске асыратын Қытайдың 3 ірі холдингінің менеджерлерімен кездесті. Өз кезегінде Қытай тарапы экономикалық және сауда қатынастарын нығайтуға, сондай-ақ айтылған ұсыныстарды қарауға дайын екенін жеткізді.