Еуразиялық одақта кооперация нығаяды
Еуразиялық экономикалық одақ елдері кәсіпорындары арасында кооперациялық байланыс нығая түседі.
Бүгін мәжіліс өнеркәсіп саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қаржылық көмек көрсету туралы хаттаманы ратификациялады. Қазіргі таңда Ресей мен Қазақстандық компанияларынан құралған 66 кооперация болса, Беларусь елінің кәсіпорындарымен отандық бизнес өкілдері 10 кооперацияға біріккен. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бірлескен өндіріс, өнім көлемін ұлғайтып қана қоймай, мыңдаған қосымша жұмыс орындары ашылатындығын алға тартты.