Жол бойындағы қызмет көрсету орындары көбейеді
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында жол бойындағы сервистік қызмет көрсету орындары көбейеді.
Жыл соңына дейін тиісті талапқа сай кемінде екі жаңа нысан тұрғызу жоспарда тұр. Бүгінде «Батыс Қытай – Батыс Европа» және «Астана-Ақтөбе» бағыттарында оннан астам кемпинг, дәмхана жұмыс істейді. Ауданға келуші туристер де көбейіп келеді. Былтыр алыс-жақын шетелден екі мыңнан астам мейман келген. Сондықтан саяхат саласын дамытуға қатысты жобаларды жылдам іске асыру көзделіп отыр.
Алтынгүл Кеңесбайқызы, Әйтеке би аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:
- Әйтеке би ауданы бойынша өзінің тарихи жерлері өте көп. Бұрынғы Шевченко деген жерлері бар, тарихтан қалған Үңгіртас деген табиғи өте керемет жерлер бар. Сол сияқты әлі де зерттелмеген, маршруты әлі жасалынбаған қаншама кесенелер бар. Болашақта оның бәрі іске қосылса шетелдіктердің қызығушылығын тудырады.