Қазақстан мен Катар арасында инвестпул қалыптасты
Қазақстан мен Қатар арасындағы ынтымақтастық шеңберінде 15 жобаны қамтитын инвестициялық пул қалыптасты.
Оның жалпы құны 18 миллиард доллардан асады. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасарының төрағалығымен өткен кеңес отырысында айтылды. Жиында Роман Скляр елдегі инвестициялық жобалардың бірқатар мәселесін қарады. Қабылданған хаттамалық шешімдер тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді. Сондай-ақ жиынға қатысқан «Қазақ Инвест» ұлттық компаниясының басшылығына инвестордың іс-қимыл барысы жазылған жаңа әдістеме таныстырылды. Енді әрбір мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган инвесторлармен жұмыс істеу кезінде осы әдістемедегі нұсқаулықты қолдануы тиіс.