Қазақстанда жүк тасымалының артуы жол сапасын жақсартуды талап етіп отыр

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың алғашқы төрт айында 321 млн тоннадан астам жүк діттеген жеріне жеткізілген.

Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,4% артық. Тоғыз жолдың торабында орналасқан елоіміздің логистикалық әлеуеті жайында әріптесім Ердана Ержанұлынан білейік. Қайырлы кеш, Ердана, жүк тасымалында өсім барын байқадық, жолаушылар тасымалындағы ахуал қандай?

Өсімді жолаушылар тасымалында да байқауға болады.  

Ұлттық стастика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айында жарты млрдқа жуық жолаушы тасымалданған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңінен 8,5 пайызға артық. Жолаушылар тасымалы  әсіресе Алматы, Қостанай және Маңғыстау облыстарында көп. Жалпы еліміз бойынша бұл саладан келген табыс 355 млрд теңгеге жеткен. Бұл былтырғы қаңтар-сәуір айындағы көрсеткіштен 53 млрд теңгеге көп.

Жүк және жолаушы тасымалындағы ахуал

Тасымалданған жолаушылар саны 

2024 қаңтар - сәуір

549 млн адам

 

2023 қаңтар - сәуір

507 млн адам

 

Жолаушылар тасымалынан түскен табыс 

2024 қаңтар - сәуір

355 млрд теңге 

2023 қаңтар - сәуір

302 млрд теңге 

Ұлттық статистика бюросы

Ал осы уақыттағы жүк тасымалынан түскен табыс мөлшері 1 жарым трлн теңге. Мұнда да өсім бар. Былтырғы жылмен салыстырғанда шамамен 200 млрд теңгеге артық. Жүк айналымының артуы Астана, Шымкент және Алматы қалаларында байқалады. Елімізде тасымалданатын жүктің жалпы мөлшері 321 млн тонна екенін атап өттік. Оның шамамен 129 млн тоннасы теміржол арқылы, 94 млн тоннадан астам бөлігі жүк көліктерімен тасымалданған. Тас жолдар арқылы тасымалданған жүк былтырғыдан 16 пайызға артық болып шықты.

 

Жүк тасымалынан түскен табыс

2024 қаңтар - сәуір

1,4 трлн теңге 

2023 қаңтар - сәуір

1,2 трлн теңге 

2-часть

Жүк тасымалы қалай жүзеге асырылады? 

Жалпы көлемі - 321 млн тонна

қаңтар-сәуір, 2024

Теміржол арқылы - 128,7 млн тонна

Жүк көлігі арқылы - 94,4 млн тонна

Құбыр желісі бойынша - 97,2 млн тонна

Су арқылы - 90 мың тонна

Әуе арқылы - 7,9 мың тонна

Ұлттық статистика бюросы

Жүк пен жолаушы тасымалы артқан соң, жол сапасына көңіл аудару маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Көлік министрлігі биыл 12 мың шақырым жолды жөндеуді жоспарлап отыр. Ведомовство мұны рекордтық көрсеткіш деп отыр.

Жөнделетін жолдардың 5 300 шақырымы республикалық маңызы бар жолдар. Ал 4200 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдар. Тағы 2,5 мың шақырым салынғаннан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген және орташа жөндеуді қамтитын жолдар еншісінде. Министрлік сайтында, жолдарды жөндеу бойынша бағдарламаны жүзеге асыруға халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты тартылады деп көрсетілген. 

Жөнделетін жолдар үлесі 

Республикалық маңызы бар жолдар - 5300 км

Жергілікті маңызы бар жолдар - 4200 км

Орташа жөндеуді қамтитын жолдар - 2500 км 

Көлік министрлігі

ЦИТАТА - Марат Қарабаев, Қазақстан Республикасының Көлік министрі:

"Негізгі міндет – жол негізін нығайтып, сапаны жақсарту. Бұл облысаралық байланысты айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Мысалы, 4 облыстың аумағы арқылы өтетін "Жезқазған – Петропавл" автожолы орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Ақтөбе облысындағы "Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз" тасжолын, ал Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында Өскемен мен Семей арасындағы автомобиль жолын жөндейміз. Республикалық маңызы бар жолдар да, облыстық маңызға ие күре жолдар да басты назарда."

Сондай-ақ "Астана – Балқаш – Алматы", "Талдықорған – Өскемен", "Ақтөбе – Қандыағаш" және "Атырау – Астрахань" дәліздерін жөндеуді аяқтауға басымдық берілмек. Ал жаңа жобалар қатарында "Қызылорда – Жезқазған", "Ақтөбе – Қызылорда", "Қарағанды – Жезқазған" және "Сарыағаш қаласының айналма жолы" бар.