Қазақстан мен Малайзия арасындағы сауда-саттық дамып келеді
Қазақстан мен Малайзия арасындағы сауда-саттық дамып келеді.
2022 жылы екіжақты тауар айналымы 150 млн АҚШ долларынан асса, былтыр 64 пайызға артып, 246 млн долларға жетті. Мәселен, 2023 жылы Қазақстан Малайзияға 33 млн долларға мұнай, темекі шикізатын, қара металл бұйымдарын, геодезия құралдарын, сондай-ақ трансформаторларды жеткізді. Ал Малайзиядан біздің елге құны 213 млн доллар болатын тауар импортталды. Бұл көбіне пальма майы, маргарин, тұрмыстық техника және өзге де бұйымдар.
Қазақстан мен Малайзия арасындағы сауда-саттық
2022 жыл
Тауар айналымы - $150,4 млн
Экспорт - $1,2 млн
Импорт - $149,2 млн
2023 жыл
Тауар айналымы - $246,5 млн, 64%
Экспорт - $33,1 млн
(мұнай, қара металл, темекі шикізаты, трансформатор, т.б)
Импорт - $213,4 млн
(пальма майы, маргарин, тұрмыстық техника, т.б )