Малайлардың тәжірибесін пайдалануға болады – сарапшы

Малайзиямен қарым-қатынас Қазақстанның индустрияландыру саясатына жаңа серпін бермек.

"Аймақтық қатынастарды талдау" ғылыми-зерттеу орталығының сарапшысы Нұри-ддин Сұлтан-мұратов осылай дейді.

Халық саны бізбен шамалас, көп ұлтты әрі көп конфессиялы мемлекетпен туризм саласында да ынтымақтастық орнату жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізбек. Бұны кешегі, келелі кездесуде Малайзия премьер-министрі де тілге тиек етті.

Сарапшылар халал индустрия арқылы халықаралық туризмнің дамуына, қолайлы жағдай жасауға болады деп санайды.

Нұриддин Сұлтанмұратов, "Аймақтық қатынастарды талдау" ғылыми-зерттеу орталығының сарапшысы:

- Малайзиялық компанияларды өзімізге инвестиция жасауға шақыра алсақ, өнеркәсіп бағытында жұмыс істейтін компаниялары бізге келіп, өздерінің зауыт фабрикаларын ашып, біздің экономикамызға үлесін қосып, индустриялизация саласын алға жылжытуға көмегін тигізсе, бізге өте пайдалы. Сонымен қатар, Малайзия туризм саласындағы алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына кіреді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Малайзия 20 млн шетелдік туристі қабылдады. Біздің елде де туризм мәселесі көп көтеріліп жатыр. Көптеген мұсылман елінен келетін туристер осы аспектіге көбірек көңіл бөледі. Халал туризм бойынша Малайзияның тәжірибесін ала отырып, өзімізде соны қолдану – туристердің санын арттыруда септігін тигізеді деп ойлаймын.