Қызылорда облысында 14 жасанды тоған іске қосылады

Қызылорда облысында балық өсіретін жасанды тоған көбейді, деп хабарлайды 24KZ.

Биыл 14-і іске қосылады. Осылайша, өңірде тауарлы балық өсірумен айналысатын кәсіпкерлік нысанының саны 90-ға жетеді. Осыдан 4 жыл бұрын жасанды тоғандардан жылына 176 тонна балық сүзілсе, былтыр бұл көрсеткіш 876 тоннаға жетті. «Балық жеміне жұмсалған шығынның 30%-і мемлекет тарапынан субсидияланады. Жалпы өңірде Арал теңізінен бөлек, 201 шағын көл бар. Аймақта 10 балық өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр», – дейді мамандар.

Серік Сермағамбетов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

- Балықшылар жылына лимит бойынша 7,5 мың тонна аулау бекітілген болса, соның былтырғы жылы 7,2 тоннасын аулаған болатын. Оның 43%-і экспортталып отыр, 13 шетел мемлекеттеріне.