Алматыда NEET санатындағы жастардың үлесі азайды

Алматыда NEET санатындағы жастардың үлесі азайып келеді.

Яғни білімі не жұмысы, кәсіби дайындығы жоқ қыз-жігіттер еңбек нарығында өз орнын таба бастады. Биылдың алғашқы тоқсанында 5 мыңға жуық жас еңбекке тартылған. Оған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі де септігін тигізді. Бұл жолы шараға 400 ірі компания қатысып, бос жұмыс орнын ұсынады.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде осы салаға еңбек сіңірген өнерпаздар марапатталды. Олар «Құрмет» орденін, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері және «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды. Сондай-ақ «Мәдениет саласының үздігі», «Құрмет грамотасы», «Еңбек ардагері» төсбелгісін иеленді. Айта кету керек, елімізде 8 мыңға жуық мәдениет ошағы бар болса, мұнда 64 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді.

Олжас Тасбергеннің мамандығы – теміржолшы. Өз кәсібімен жұмыс таппаған соң мансап орталығына барып, маркетолог курсын оқиды. Оны бітірген соң Түркісіб ауданындағы комьюнити орталығында тәжірибеден өтеді. Кейін сонда тұрақты жұмысқа қабылданады.

Олжас Тасберген, жоба менеджері:

- Басында маркетолог курсы бойынша өткен кезде сенімсіздіктер болды. Дәл осы сала бойынша жұмысқа орналаса алатыным немесе бір осындай орталықта маман болатыныма әу баста сенген жоқпын. Сіздерге де осындай кеңес берем, курстардан өтіп мансап орталығына бару арқылы жұмысқа орналаса алатындарыңызға.

Айдос Құрманбаев мұнда жұмыс іздеп келген жанның бірі. Арнайы білім беретін курс оқуға да қарсы емес. Біраз компаниямен сөйлесіп көрді. Енді ой елегінен өткізіп, отбасымен ақылдасып бір шешімге келмек.

Айдос Құрманбаев, қала тұрғыны:

- Көптеген компаниялар келіп жатыр. Біраз компаниямен сөйлестік. Өзімізбен ұнағанымызбен резюме апарып тастап жұмыс істейміз деп ойлаймыз. Осындай шаралар көп болса қазақтың жастары жерде  қалмайды. Жақсы жұмыстар істейді деп ойлаймын.

Заман талабына сай қазір мобилограф, таргетолог, графикалық дизайнер мамандықтары сұранысқа ие. Автоэлектрик, сылақшы мен сатумен айналысатын менеджерлерге де жұмыс табылады. Бұл жолы Түрксіб ауданында өткен мансап күндері шарасына 120 компания қатысып 2 мыңға тарта бос жұмыс орнын ұсынды.

Азамат Асқар, қалалық мансап орталығының директоры:

- Алматы қаласы жастардың қаласы. Соңғы жылдары NEET санатындағы жастарға өте көп көңіл бөлінуде. Сол NEET санатындағы ЖОО түлектеріне жұмыс берушілер де былай айтқанда бос жұмыс орындарын ұсыну осы іс шараның аясында. Алматы қаласын өздеріңіз білесіздер экономикалық жағынан және кәсіпкерлік жағынан дамыған қалалардың бірі болып табылдады.

Қазір NEET тобындағы жастарды қолдау үшін комьюнити орталықтар ашылған. Мұнда мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес береді. Заңгерлік көмек көрсетеді. Қысқа мерзімді курстарды оқытады. Жұмысқа орналастырады. Биыл Алматыда тағы 4 комьюнити орталық ашу жоспарланған.

Қарлығаш Қайыпбекова, Эдуард Кон