Ақтөбе облысында 80 тонна тұқымдық бидай жарамсыз болып қалды
Ақтөбе облысында тасқын салдарынан 80 тонна бидай жарамсыз болып қалды.
Тұқымдық бидай Әйтеке би ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің қамбасында сақталған екен. Осыған байланысты шаруашылық биыл 800 гектар егіс алқабының тек жартысын ғана пайдалануға мәжбүр. Қалған бөлігіне тұқым сатып алу үшін өзге шаруашылықтармен келіссөз жүргізіліп жатыр. Мамандар келтірілген шығынды өтеу үшін министрліктен қолдау қажет дейді. Өңірде әзірге егістік алқаптарының тек 40%-на ғана тұқым себіліпті. Дихан қауымы ауа-райы қолайлы болса егіс науқанын ай соңына дейін аяқтауға үмітті.
Нұрбек Райымбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Қазіргі уақытта осы шаруашылықтың шеккен шығысын өтеу бойынша мәселелер қарастырылуда. Себебі қазіргі ауыл шаруашылығымен бекіткен қағидаларға сәйкес, егілген жұмыстарға кеткен шығыстарды қарастырған. Ал бұл жерде бізде егіс жұмыстары басталғанға дейін тек қоймадағы тұқым материалдары суға кеткендіктен, сондықтан да қазір министрлікпен бұл мәселелерді нақтылау бойынша жұмыстар қарастырылатын болады.