Еліміздің өңдеу өнеркәсібін өрге бастырмай тұрған проблемалар бар
Еліміздің өңдеу өнеркәсібін өрге бастырмай тұрған өзекті проблемалар бар.
Олар техниканың ескіруі, импортқа тәуелділік пен кадр тапшылығы. Әсіресе осы соңғысы бүгін Сенат қабырғасында өткен парламенттік тыңдауда қаралды. Саланың серпіліс алуы үшін білікті кадрлар ауадай қажет. Ол үшін білім ошақтары мен кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайту маңызды. "Бұл мақсатқа, мемлекет, бизнес, және ғалымдар бірлесіп, кешенді әрі жүйелі жұмыс жүргізуге тиіс», – деді Мәулен Әшімбаев. Сондай-ақ ол бұл бағыттағы бастамаларға Парламент заңнамалық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.