Мұнай-химия өндірісі екі есе артты

Жыл басынан бері мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру 2 есе артты.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 4 айда елімізде өндіріс көлемі 213 мың тоннаға жетті. Саладағы барлық өнімдер бойынша өсім байқалады. Жыл соңына қарай көрсеткішті 628 мың тоннадан асыру көзделіп отыр. Бұдан бөлек, алдағы 5 жылда 14 млрд долларға 5 ірі жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ жанар-жағармай нарығындағы қор қажеттілігіне қарай үздіксіз толықтырылып отырады. Мәселен, Аи-92 маркалы бензиннің 352 мың тоннасы және Аи-95 маркалы бензиннің 86 мың тоннасы бар. Бұл – 30 күндік қор.