Киім және жиһаз өндірісінде өсім бар

Биыл 4 айда жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 70 млрд теңгеге жуықтаған.

Аталған саланың ішкі жалпы өнімдегі үлесі бүгінде 0,11% құрап отыр. Сонымен қаңтар-сәуір айларында киім-тоқыма өндірісі 11,2%-тік өсім көрсеткен. Жиһаз жасауда да жыл басынан 9,7%-тік өсім байқалды. Текстиль өндірісі 4,6%, ал тері, былғары бұйымдарының өндірісі 9%-ке төмендепті.

Айта кетейік, Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп нарығының көлемі 4 айда 458 млрд теңгені құрады. Мұндағы отандық тауар өндірушілерінің үлесі 6,5% шамасында.