Қ.Тоқаев: Әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді, білікті болуымыз керек
Алматыға жұмыс сапары барысында Президент ғалымдармен кездесті, деп хабарлайды 24kz.
Жиында Мемлекет басшысы шикізатқа арқа сүйеп отыра беруге болмайтындығы айтты.
«Сондықтан бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет. Мамандарымыз әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді, білікті болуы керек. Бүгінде алпауыт елдердің арасында барлық салада бақталастық өршіп тұр. Біз осы күрделі кезеңде экономиканың жаңа үлгісіне көше бастадық. Әділ, инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономика құруға кірістік. Ғылым мен инновация оның басты тірегі болуға тиіс», - деді Президент. Сондай-ақ заңда ғылыми қауымдастықтың мүддесі барынша ескерілетінін жеткізді.