Қазақстанда автокөлік өндірісі 8,6%-ке артты
Биыл елде автокөлік өндірісі 8,6%-ке артты, деп хабарлайды 24kz.
Жыл басынан 46 мыңнан астам көлік құрастырылды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері айтты. Ал жыл соңына дейін 160 мың автокөлік шығару жоспарланып отыр. Сонымен қатар Машина жасауды дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары негізінде саладағы өндіріс көлемін 2 есе арттыру көзделген.
Отандық автокөлік өндірісі
Өсім – 8,6%
Құрастырылды – 46 мың көлік
Биылғы меже – 160 мың көлік
2028 жылы өндіріс 2 есе артады