Экономикадағы өңдеу секторының үлесі 12,3% жетті
Қазақстан экономикасындағы өңдеу секторының үлесі 12,3% жетті.
Бұл көрсеткіш отандық тау-кен металлургия кешенінің үлесімен тең. Үкімет алдында жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібін тағы 6%-ға өсіру міндеті тұр. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр "primeminister.kz" сайтына берген эксклюзивті сұхбатында осылай деді. Ол экономиканы одан әрі әртараптандыру және өңдеуші сектордағы өсімді қамтамасыз ету жоспарлары туралы айтты. Бірінші вице-премьер жоғарыда аталған салаларда технологиялық өсімнің жоғары деңгейін көрсетіп отырған кәсіпорындарды атап өтті. Олардың қатарында жаңа үлгідегі жабдықтар орнатылған Алматы желдеткіш және Кентау трансформатор зауыттары да бар. Өнімдері әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.
Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:
- Қолданыстағы кәсіпорындар жұмыс істеуі керек. Өз өндірістерін қайта инвестициялап, шығарылатын өнім көлемін арттыруы тиіс. Елімізде жаңа инновациялық кәсіпорындар пайда болуы қажет. Елімізге инвестиция салу үшін шетел капиталын тартуымыз керек. Өндірілетін өнім экспортқа шығады.