2024 жылы отандық туризмге ₸177 млрд құйылды

Былтыр елімізде туризм саласы негізгі көрсеткіштер бойынша ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды 24KZ.

Қазақстанға 9 млн-нан астам шетелдік келген екен. Туристік орындарда 230 млрд теңгеге қызмет көрсетілсе, ел қазынасына 450 млрд теңге салық түскен. Туризм және спорт министрлігінің ресми мәліметі осындай. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 53% артқан. Ал биыл алғашқы тоқсанның өзінде салаға 177 млрд теңге құйылған.