Үш миллиард теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Алматы қаласының прокуратурасы ауданы 3 мың 974 шаршы метрді қамтитын және 50 сотық жері бар жедел медициналық көмек кешенін мемлекетке қайтарды.
Оның жалпы сомасы 3 млрд теңге. Бұл кешенді Алматының бұрынғы басшысы Виктор Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген. Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік жедел медициналық жәрдем қызметінің теңгеріміне өтті. Сондай-ақ бұл жерде қосымша қосалқы станция ашу жоспары бар.