325 миллиард теңгеден астам актив мемлекетке қайтарылды

Заңсыз шығарылған 325 миллиард теңгеден асатын актив мемлекетке қайтарылды.

Оның арасында қаржыдан бөлек, мыңдаған гектар жер телімі, тарихи-мәдени мұра заттары, акциялар мен қымбат зергерлік бұйымдар бар. Қазір Бас прокуратура, елдегі мыңнан астам және шетелдегі 150-ден аса мүлік пен миллиардтаған теңгенің бағалы қағаздарына талдау жасап жатыр. Сондай-ақ 300-ден асатын банк шоты мен 2 триллион теңгеге жуық күдік туғызған транзакцияларды бақылауға алып отыр. Айта кету керек, 2022 жылдан бастап, экономиканы демонополизациялауды қоса алғанда жалпы сомасы 1,7 триллион теңгенің активтері, ал шетелден 750 миллион доллар, мемлекетке қайтарылған.