Алматы облысының кәсіпорындары 574 млрд теңгенің өнімін өндірген

Жыл басынан бері Алматы облысының кәсіпорындары 574 млрд теңгенің өнімін өндірді. Былтырмен салыстырғанда 3,1%-ке көп.

Өңірде Alatau G4 City «ақылды» қаласын дамыту қарқынды жүріп жатыр. Ұлы Жібек жолының бойындағы қала болашақта ірі бизнес жобалар жүзеге асатын үлкен орталыққа айналады, – дейді мамандар. Жалпы, статистикаға сүйенсек, елімізде экономикалық көрсеткіштер 3,7%-ке өскен. Республика бойынша жалпы ішкі өнім көлемі 25,7 трлн теңгеге жетті. Бұл көлемнің төрттен бір бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облысының үлесінде. Одан кейін Атырау облысы мен Астана қаласы тұр. Үздік бестікте Қарағанды өңірі де бар.

Ерлан Мәлікұлы, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:

- Алматы облысында бүгінгі күні инвестициялық әлеует 5 бағыт бойынша өрбіп келеді. Туризм, агроөнеркәсіптік кешен, жер қойнауын пайдалану, өңдеу өнеркәсібінде және басқа да салаларда дамып келеді. Осы жылдың 4 айының өзінде облысқа тартылған инвестицияның көлемі 160,2 млрд теңге болып түсті. Ол былтырғы жылмен салыстырған кезде 107,8%-ке көп.