Алматыда автомобиль өнеркәсібінің перспективалары талқыланды
Елде көлік бөлшектерін жасайтын бірнеше зауыт салынып жатыр.
Мемлекет отандық автокөлік өндірісін дамытуға мүдделі. Әсіресе ел аумағында толық циклды өндірісті қалыптастыруға басымдық беру қажет. Мәулен Әшімбаев отандық автомобиль өнеркәсібінің даму перспективаларын талқылау барысында осылай деді. Сенат Төрағасы Алматыдағы Astana Motors компаниясының барып, кәсіпорынның жаңадан салынып жатқан блогын аралап, жұмысшылармен жүздесті. Өндіріс орыны 2020 жылдың қазан айында іске қосылған. Қазір ол Hyundai көлігінің 11 моделін шығарады. Оның екеуі толық цикл бойынша өндіріледі. Зауыттағы барлық операция оңтүстік кореялық корпорация бекіткен стандарттар мен технологиялар бойынша жасалады. Жылына 50 мың көлік шығарады. 1300 адам жұмыс істейді.