Жамбыл облысында қант қызылшасының алқабы ұлғайды
Жамбыл облысы биыл қант қызылшасының алқабын 6 мың гектарға ұлғайтты, деп хабарлайды 24KZ.
Былтыр өңір диқандары 4,6 мың гектардан 192 мың тонна өнім жинаған еді. Биыл қызылша егілген жердің көлемі – 10 600 гектар. Мамандар енді 600 мың тонна өнім алуға ниетті.
Жалпы аймақтың 7 ауданы қызылша егеді. Оларға мемлекет тарапынан субсидия бар. Ал мамандар: «биыл судан таршылық болмайды», – дейді. «Қоймалар толып, оған қоса диқандар су үнемдеу технологияларын меңгеріп келеді», – дейді жауаптылар. Былтыр тамшылатып суару құрылғылары 40 мың гектар алқапқа орнатылса, биыл оған 7 мың гектар қосылады.
Нұржан Мұқашев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Мемлекет тарапынан 25 теңге төлеп, өтеп береді әр келісіне. Ал зауыт өз тарапынан өткізілген өнімге 15 теңге төлейді. Тасымалына осы кезінде Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас аудандары кішкене егеді ғой. Осы аудандарға Тараз қант зауытына өткізетін. Тараз қант зауыты қазір қызылшамен жұмыс істемейді. Саған байланысты Меркіге тасымалына 5 теңге қосымша қаражат төленеді.