Қант экспортына тыйым салынады

Жеміс-жидек пісе бастаған осы уақытта қант көп керек. Қант тамақ өнеркәсібінде де кеңінен қолданылады.

Осы себепті елде күзге дейін қант экспортына тыйым салынады. Қазір қордағы қант пен шикі құрақ қоры – 136 мың тонна. Бұған 31 тамызға дейінгі квотасы бар ресейлік қанттың 120 мың тонна импортын қоссақ, шамамен 256 мың тоннаға дейін барады. Мұның сыртында жыл соңына дейін өңдеуге арналған 300 мың тонна шикі құрақты бажсыз әкелуге квота дайын. Орта есеппен айлық тұтыну көлемі – 46 мың тонна, ал жазда 60 мың тоннадай. Осыны есепке алсақ, қор жаңа өнім шыққанша молынан жетуге тиіс.