Қазақстандық қызмет экспорттаушылар Сингапур нарығына шыға алады
Мәжіліс Қазақстан мен Сингапур арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімді ратификациялады.
Келісім 2023 жылғы 22 мамырда Астанада жасалған Келісімнің мақсаты – елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту. Оны ратификациялау қазақстандық қызмет берушілерінің серіктес нарыққа қолжетімділігі үшін жағдай жасайды. Сонымен қатар Қазақстан капиталының қатысуымен кәсіпорындар құру, өзара инвестицияларды тарту және қорғауға бағытталған қосымша мүмкіндіктер қарастырылады. Қазақстан мен Сингапур арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасының көлемі 2023 жылы шамамен 10 млн АҚШ долларын құрады. Бұл ретте қазақстандық қызмет берушілер 3,5 млн АҚШ долларына, ал сингапурлықтар 6 млн АҚШ долларына қызмет көрсетті. Соңғы 10 жылда Сингапурдың Қазақстанға салған тікелей инвестициясының жалпы көлемі 1,7 млрд АҚШ долларын құрады.